Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Ақпарат көзінің хабарлауынша, "№92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары үш бірдей "Глонасс-М" ғарыштық аппараттарының блоктарын құрастыруда. Сонымен бірге ДМ үдеткіш блогы "Глонасс-М" жер серіктері блогымен түйістіруге дайын.

Сонымен біруақытта "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыру үшін "Протон-М" зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда.

"Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен "Глонасс-М" үш жер серігін ұшыру ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Астана уақытымен 1 сағат 32 минутқа межеленген.