Байқоңырда GLOVE-В жер серігін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары жалғасуда

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде ұшыру жоспарланған.

№112 алаңның монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар GLOVE-В ( техникалық жіктеу бойынша GSTB-V2/B) ғарыштық аппаратының дербес дйындықтарын жүргізуде. Ғарыш аппаратының жүйелері тексерілуде.

№31 алаңның монтаж-сынақ корпусында ресейлік мамандар 28 -наурызда ғарыш айлағына жеткізілген "Фрегат" үдеткіш блогының дайындық жұмыстарын жүргізуде. "Фрегат" үдеткіш блогының көмегімен GLOVE-В ғарыштық аппараты 23 мың шақырымдық мақсатты орбитаға шығарылады.

Сондай-ақ, №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында Еуропаның GLOVE-В жер серігін ұшыратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының дайындық жұмыстары да жүргізілуде.

Galileo навигациялық жүйесінің бірінші жер серігі - GIOVE-A (Galileo In-Orbit Validation Element) Байқоңырдан 2008 жылдың 28 желтоқсанында "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған. GIOVE-A ғарыштық аппараты биіктігі 23 000 шақырымнан астам есепті орбитаға шығарылды.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі - Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.