Ғарыш айлағының мамандары Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының ұшырылымына түзетілген кестемен дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 тамызда Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшатын Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының 14 тамызға белгіленген ұшырылымы кейінге шегерілді. "Байқоңырда ұшырылым алдындағы сынақтарды өткізген кезде "Бриз-М" үдеткіш блогының бортындағы есептегіш кешеннің ақаулары анықталған. Есептеу кешені алмастырылды.
Бұдан кейін "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады.
Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.
Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.
