Байқоңырда Inmarsat 4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышының басқы бөлігімен құрастыру жұмыстары жүргізілуде

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, №92А-50 алаңының монтаждық-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары ғарыштық басқы бөлікті құрастыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Оған түйістірілген Inmarsat 4F3 ғарыш аппараты, өтпелі жүйе мен "Бриз-М" үдету блогы кіреді.

Естеріңізге сала кетсек, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен Inmarsat 4F3 ғарыш аппараты 14 тамызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.