Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі күтілуде

Ғарыш айлағының техникалық жанармай құю станциясында "Бриз-М" үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын компонеттерін құю жұмыстары аяқталып келеді. Ғарыш айлағының мамандары зымыран тасығышты №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығаруға бағытталған соңғы іс-шараларға дайындалуда.

Inmarsat-4F3 жер серігін "Бриз-М" үдеткіш блогымен және "Протон-М" зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешімді мемлекеттік комиссияның мүшелері бүгін кешке топ жетекшілерінің есебінен кейін қабылдайды.

"Протон-М" зымыран тасығышын №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығару, кесет бойынша 15 тамызға межеленген. Зымыран ұшырылым "үстеліне" түк күйінде қойылған соң 4 тәулік бойы зымыран мен ұшырылым жабдықтарының жүйелерін тексеру жүргізіледі.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.