Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

"Протон-М" зымыран тасығышы қосалқы жабдықтарымен кеше темір жолмен Мәскеу түбіндегі М.Хруничев атындағы орталықтан Төретам станциясына жеткізілді.

Кеше қажетті кедендік рәсімдеу процедураларынан кейін зымыран тасығыш блоктары мен қосалқы жабдықтары бар вагондар ғарыш айлағының өз ішіндегі темір жол тармағымен №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда зымырандар құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.

Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat иелігіндегі Inmarsat-4F3 жер серігі сәуір-мамыр айларында дайын болады.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын 2008 жылғы көктемде ұшырылады деп жоспарланған.