Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Ғарыш айлағының мамандары "Зенит-3SLB" зымыран тасығышында отын құймай шығару атты бағдарлама аясындағы жұмыстарды жалғастыруда. Дайындық кестесіне сәйкес, "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы 28 ақпанда №45 алаңның ұшырылым кешенінде орнатылған , онда ұшырылым кешені мен зымыранның жүйелері тексеріледі.

Ресей мен Украинаның ғарыш саласының мамандары бір апта бойы кешенді сынқтар жүргізді, оның барысында үдеткіш блокқа оттегі толтыру секілді ұшырылымға дайындыққа бағытталған кешенді сынақтар жүргізілді.

Ертең тексеру жұмыстары аяқталып, отын компоненттері құылған соң зымыран ұшырылым қондырғысынан түсіріліп, бұдан былайғы дайындықтарды жүзеге асыру үшін қайта монтаж-сынақ корпусына қайтарылады.

"Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын бастапқыда 2008 жылдың 24-ші наурызында ұшыру межеленген болатын, бірақ ол сәуір айына кейінге шегерілуі мүмкін.