Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде ұшыру межеленген.
Осы аптада "Энергия" ЗҒК мен "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығы "Вымпел" конструкторлық бюрасы мамандарымен бірлесе отырып №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастырып, жер орбитасына шығаруға арналған AMOS-3 жер серігін ДМ-SLВ үдеткіш блогымен түйістіру жұмыстарын жүргізді.
Кеше зымыран тасығышының ғарыштың бас бөлігі құрастырылып бүгін оны "Зенит-3SLB" зымыран тасығышымен жинақтау үшін №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусында жеткізіледі.
Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.
AMOS-3 жер серігін "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы арқылы ұшырылуы 2008 жылдың 24-сәуірінде жаңартылған кешеннің №45 алаңында жасалады.