Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Ғарыш айлағының мамандары мен AMOS-3 жер серігінің шетелдік жасаушылары №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында 18 наурызда жеткізілген телекоммуникациялық ғарыштық аппаратының дербес тексерулерін бастады.

Сонымен бірге №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешені мен "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары ДМ-SLВ үдеткіш блогының басқару жүйелерінің сынақтары мен автономды сынақтарын жүргізе бастады.

Дайындық кестесі бойынша AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындықтары жалғасуда. № 42 алаңның монтаж-сынақ корпусында мамандар зымыран тасығыштың жүйелерін тексеруде.

AMOS-3 жер серігі "Зенит-3SLB" зымыран тасығышымен ұшырылады. Зымырыан тасығыштың алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың мәуір айының аяғында ұшыру межеленген.