№112 алаңның монтаждау және сынақ корпусында ғарыш айлағының қызметкерлері шетелдік мамандармен бірлесіп Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын түйістіру жұмыстарын аяқтап келеді.
Түйістіру жұмыстары аяқталғаннан кейін және түйістіру буындары мен қосылыстарды тексергенен кейін RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогынан құралған қоспа, ғарыштық жүйенің бас бөлігі ретінде "Союз-ФГ" зымыран тасығышының бас обтекателіне орнатылады.
Бас обтекатель құрастырылған соң №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында зымыран тасығыш пен ғарыштық бас бөлік жалпы құрастырылады.
Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен №31 алаңның ұшыру қондырғысынан 2007 жылдың 14 желтоқсанында Астана уақытымен 19 сағат 17 минутта ұшыру межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті