Байқоңырда Канаданың RadarSat-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Ақпарат көзінің хабарлауынша, "ғарыш айлағының мамандары желтоқсанға межеленген кезекті ғарыштық ұшырылымға дайындала бастады. №31 алаңның монтаждау және сынақ корпусында "Союз-ФГ" зымыран тасығышын құрастыруға дайындық жүргізілуде".

"RadarSat-2 жер серігін жасаған зауыт мамандары да арнаулы стендте апаррат жүйелерін тексере бастады",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, RadarSat-2 (Radar Satellite) жер серігін MacDonald Detwiller&Associates компаниясы MDA компаниясы мен Канада ғарыштық агенттігінің ынтымақтастығы аясында жасап шығарды.

Ғарыштық аппарат PRIMA тұғырында өзінің қызмет ету мерзімін аяқтаған RadarSat-1 аппаратын алмастыру үшін жасалған, ол Арктикаға мониторинг жүргізуге арналған.

RadarSat-2 С-диапазонда жұмыс істейтін синтезделген апертуралы (15х1,5м-лік антенна) көпфункциялы радармен жабдықталған. Ол жер бетін 3-300 метр/пиксельдік айқындықпен күн райының қандай ахуалында да түсіре алады. RadarSat-2 жер серігі 7 жылға белсенді жұмыс істеуге арналған.

RadarSat-2 ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен Байқоңырдан 2007 жылдың 8 желтоқсанында ұшыру межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті