Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігі мен ғарыштық бас бөлікті құрастыру жұмыстары жүргізілуде

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдету блогы мен Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.