Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары өткізілуде

Ғарыш айлағының мамандары вакуум-камераға орнатылған "Прогресс М-65" жүк кораблінің герметикалық қасиетін тексеруде.

Бұдан кейін оған отын құюға дайындық жұмыстары басталады.

"Прогресс М-65" жүк кораблін "Союз-У" зымыранымен бірге ұшыру 2008 жылдың 10 қыркүйегіне межеленген.

"Прогресс М-65" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.