Caravan Logo

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары аяқталды

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары аяқталды

Ғарыш айлағының мамандары вакуум-камераға орнатылған "Прогресс М-65" жүк кораблінің герметикалық қасиетін тексерді.

Бұдан кейін корабль арнаулы стендке орнатылып, ғарыш айлағының мамандары корабльдің қозғалтқышына сұйық отын мен сығымдалған газ құюға дайындық жұмыстарына кірісті.

"Прогресс М-65" жүк кораблін "Союз-У" зымыранымен бірге ұшыру 2008 жылдың 10 қыркүйегіне межеленген.

"Прогресс М-65" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.