Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 9-шы пилотты экипажды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Бүгін, 17-сәуірде айлақтың 17-ші алаңқайында халықаралық ұшырылымға қатысушы Ресей, АҚШ және Голландияның мемлекеттік байрақтарын көтеру рәсімі өтті.

Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, кеше ғарышкерлер Геннадий Падалка, Майкл Финк және Андре Кейперс "Союз-ТМА-4" ғарыш кемесін қабылдап алу рәсіміне қатысып, тәжірибелерге арналған жабдықтармен танысты. Сондай-ақ, "Гагарин мәресі" кешені мен ғарыш айлағы мұражайында болды. NASA астронавты Майкл Финк журналистермен кездесуде алдағы сапар туралы өз ой-көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша, "ресейлік ғарыш кемесіндегі сапар алғашқы сүйіс секілді қызғылықты болады дегенге сенімі зор".
16-сәуір, жұмада Байқоңырға Ресей ғарыш агенттігінің мамандары мен журналистер келуі тиіс. Сол күні "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшыру алаңына шығаруға дайындықты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. 17-сәуірде зымыран тасығыш бірінші ұшыру алаңына шығарылады деп күтілуде. 18-сәуір, жексенбіде мемлекеттік комиссия негізгі экипаж құрамын бекітеді.
Ғарыш кемесі 19-сәуірде аспан кеңістігіне жол тартады.