Кеше "Протон-К" зымыран тасығышы №200 алаңның ұшыру кешеніне шығарылды. Зымыран ойдағыдай жеткізіліп, ұшыру "үстеліне" тігінен тұрғызылды. Ғарыш айлағының мамандары екінші старт күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп кетті.
Әскери мақсаттағы "Космос" сериясындағы жер серігін ғарышқа алып шығатын "Пртон-К" зымыран тасығышын 27 маусым күні Астана уақытымен 5 сағат 59 минутта (Мәскеу уақытымен 3.59) ұшыру жоспарланған.