Кеше "Протон" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратымен бірге орнатылған № 81 алаңның ұшыру кешенінде бүгін екінші ұшыру күнінің кестесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ғарыш айлағының мамандары зымыран тасымалдағышы мен ұшыру кешені жүйесінің ықпалдастығына тексеру жүргізіп, ұшырылым мен ұшу циклограммасының түрлі фазасының моделін жасау және имитациялау барысында бағдарламалық қамтамасыздықтың жұмысын тексеруде.
"Космос" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті