Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай жер орбитасына "Космос" жер серігін алып шығатын "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда.
"Сонымен бірге "Бриз-М" үдеткіш блогы жүйелері тексерілу үстінде",- деп хабарлайды ақпарат көзі.
"Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы 8- желтоқсанда ғарышқа жол тартуға тиіс.
Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш "Протонның" екіншісі.
"Протон" ұшырылымдарының биылғы ең соңғысы 25 желтоқсанда "Протон-К" зымыран тасығышы үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшумен аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті