Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық аяқталып келеді.

Қазір ғарыштық аппараттың бас бөлігін құрастыру жүргізіліп жатыр. Ғарыш айлағының мамандары "Космос" жер серігін өтпелі жүйемен түйістіреді, бұдан кейін ғарыштық аппарат пен "Бриз-М" үдеткіш блогы түйістіріледі.

Ғарыштық аппараттың бас бөлігін құрастыру аяқталғаннан кейін ол "Протон-М" зымыран тасығышымен түйістіріледі. Бұдан кейін зымыран тасығыштың штаттық тексерулері мен ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары басталады.

"Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы 8-желтоқсанда ғарышқа жол тартуға тиіс.

Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш "Протонның" екіншісі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті