Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бүгін техникалық жанармай құю станциясында Astra-1M телекоммуникациялық жер серігіне жанармай құю жұмыстары жүргізілуде.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.