Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Украинаның және Ресейдің ғарыш кәсіпорындарының мамандары ғарыш айлағына 28 шілдеде жеткізілген "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын дайындауды бастады. Өткен аптада зымыран №42 алаңның монтаждық-сынақ корпусының стендіне орнатылды. Онда зымыран тасығыштың жүйелері сынақтан өткізіліп, тексеруден өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 21 тамызда ұшады.