Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Украинаның және Ресейдің ғарыш кәсіпорындарының мамандары ғарыш айлағына 28 шілдеде жеткізілген "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышының бірінші және екінші сатыларын түйістіруді №42 алаңның монтаж-сынақ корпусында жүргізіп аяқтады.
Ал ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусында шетелдік және ресейлік мамандар ДМ-SLБ үдеткіш блогы мен Measat-1R телекоммуникациялық жер серігін құрастыруға дайындала бастады.
Measat-1R аппаратын АҚШ-тың Orbital Sciences Corporation (OSC) компаниясы Малайзияның байланыс операторы - Measat Satellite Systems тапсырысымен шағын геостационарлық жер серіктеріне арналған Star платформасының негізінде жасап шығарған. Ол Малайзия және Индонезия секілді Оңтүстік Азия елдеріне үлкен айқындықтағы телевидение сигналын таратуға және байланыс қызметін көрсетуге арналған.
Естеріңізге сала кетсек, Measat-1R ғарыш аппаратын тиеген "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы №45 алаңның ұшыру кешенінен 21 тамызда ұшады.