Байқоңырда малайзияның жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі аяқталды

"MeaSat-3" ғарыштық аппаратына алып ұшатын "Бриз-М" үдеткіш блогын дайындау жұмыстары 92А-50 монтаж-сынақ корпусында басталды. Бұл "Протон-М" зымыран-тасығышы, "MeaSat-3" ғарыштық аппараты мен "Бриз-М" үдеткіш блогын ұшыруға дайындаудың ақырғы кезеңі", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "MeaSat-3" ғарыштық аппаратын "Boeing" компаниясы Малайзияның "Binariang Satellite Systems Sdn. Bhd." спутниктік байланыс операторына арнап жасаған.

"MeaSat-3" телекоммуникациялық жер серігі Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Азия және Австралия тұтынушыларына қызмет көрсетуге арналған.

"Measat-3" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы 12-желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті