Қазір ғарыш айлағының мамандары айлаққа 26 маусымда жеткізілген ДМ-SLБ үдеткіш блогымен жұмыстар жүргізуде.
Малазияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігі ғарыш айлағына шілденің бірінші жартысында жеткізіледі.
Конструкциясы жағынан "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") қалқымалы платформадан ұшырылған "Зенит-3SL" зымыран тасығышына ұқсас жаңа "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырылыатын осындай екінші тасығыш. Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы бірінші "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан Астана уақытымен 11 сағатта ұшырылды.
Ал Малазияның Measat-1R телекоммуникациялық жер серігі мен "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын тамыздың үшінші онкүндігінде №45 алаңның ұшырылым кешенінен ұшыру жоспарланған.