"Малайзияның "Measat-3" ғарыштық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстарының қорытынды кезеңін бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның отырысында кеше кешке қабылданды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Протон-М" зымыран-тасығышы жергілікті уақытпен 7 сағатта 92-1 -ші алаңның монтаж-сынақ корпусынан шығарылып, зымыран тасығыштың басжақ бөлігі, "Measat-3" ғарыштық аппараты мен "Бриз-М" үдеткіш блогын толық құрастыру жұмыстары жүргізіліп, артынан ол 200-ші алаңның "ұшыру үстеліне" тікесінен -тік орнатылды.
Қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары зымыран тасығыштың жүйелері мен ұшыру кешенінің жүйелерін бірінші ұшырылым күнгі кесеге сәйкес тексеруге кірісті.
"Measat-3" ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы 12-желтоқсанда Астана уақытымен 5 сағат 28 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан ұшырылады деп межеленген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "MeaSat-3" ғарыштық аппаратын "Boeing" компаниясы Малайзияның "Binariang Satellite Systems Sdn. Bhd." спутниктік байланыс операторына арнап жасаған.
"MeaSat-3" телекоммуникациялық жер серігі Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Азия және Австралия тұтынушыларына қызмет көрсетуге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті