Байқоңырда "Мектепке баруға көмек" атты қайырымдылық шарасы басталды

Қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, жыл сайын өтетін, осы жылы жетінші рет өтіп отырған іс-шараның мақсаты ахуалы төмен отбасыларының балаларына жаңа оқу жылына дайындық барысында көмек көрсету болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерін, жеке кәсіпкерлерді ахуалы төмен отбасыларына көмектесуге шақырды. "Байқоңырлықтардың арасында қайырымды жандар бар деген сенімдеміз",- деп айтылған іс-шараны ұйымдастырушылардың үндеулерінде.

Іс-шараның құрылтайшыларының бірі, мектеп оқушыларына киім жинаумен айналысатын Святой великомученик Георгий Победоносец атындағы шіркеудің жанындағы проваславиелік приход болып табылады.

18-ші тамыз бен 30-шы тамыз аралығында қалада мектеп қажеттіліктерін қабылдайтын бөлімдер, сонымен қатар, қала тұрғындарының өтініші бойынша жер-жерлерге баратын жылжымалы бөлімшелер жұмыс істейді.

Өткен жылы, ұйымдастырушылардың бағалауы бойныша, "Мектепке баруға көмек" іс-шарасы ойдағыдай өтіп, ахуалы төмен отбасыларының 100-ден астам балаларына мектепке дайындалу барысында көмек көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті