М.Москалевтің айтуынша, "қаладағы 7 сайлау учаскесіндегі сайлау ұйымдасқан түрде өтті, сайлау заңнамасын бұзу оқиғалары тіркелген жоқ".
Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелерінде сайлауда дауыс беру құқығы бар 12438 Ресей азаматы дауыс берді, бұл жалпы тіркелген сайлаушылардың 77,6%-ін құрайды. Бұл көрсеткіш жалпы Ресей бойынша орта есеппен алғанда жоғары ( 60%) және рекордтық көрсеткіш болып табылады. Мәселен, 2003 жылғы Мемлекеттік Дума депутаттарының сайлауында дауыс беруге келген Байқоңырда тұратын ресейліктердің саны 64,1% болған.
Ресей парламентінің төменгі палатасына партиялық тізім бойынша депутаттар сайлауында Байқоңырдағы сайлау учаскелерінде РФ президенті Владимир Путин басқаратын "Единая Россия" партиясы үлкен артықшылықпен - 74,65% (9285 дауыс) - жеңіске жетті.
Байқоңырда Ресейдің Либерал демократиялық партиясы 8,51% дауыспен екінші орынға шықты. Қалған 9 партия Байқоңырда Мемлекеттік Думаға өтуге құқық беретін 7-проценттік кедергіден өте алмады. Ресейдің Коммунистік партиясы 6,71% дауыс, "Справедливая Россия" партиясы 4,04% дауыс жинады. Қалған 7 партия Байқоңырда тұратын сайлаушылардың 7% жуық дауысына ие болды.
Михаил Москалевтің түсіндіруінше, бұл алдын-ала мәліметтер ғана, ал нақтылған және бекітілген мәліметтер аздаған түзетулермен 4 желтоқсанда белгілі болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті