Байқоңырда орналасқан ""Қазақстан ғарыш сапары" ҰК"АҚ нысанында жүргізілген рейд кезінде Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 44 азаматы анықталды.
Ұсталғандардың жасы 18 бен 59 аралығында.
Тексеру барысында белгілі болғанындай, олардың бәрі де қара жұмысшы болып істеген.
ҚР ІІМ-нің Байқоңырдағы өкілдігінің бастығы Бауыржан Балғабековтың айтуынша, "шетелдіктер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Байқоңыр қалалық сотының 2008 жылдың 27 наурызындағы шешімімен үш тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бұдан кейін Қазақстан аумағынан аластатылды".