Байқоңырда наурыздың 27-нен сәуірдің 17-не көшірілген "Днепрді" ұшыруға дайындық жүріп жатыр

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде барлық жұмыстар жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Ұшырылу мерзімі 17 сәуірден ауысқан жоқ. "Днепрдің" осы ұшырылуынан алда мамырда Еуропалық ғарыш аппараты "TerraSAR-X" пен қоса ұшырылмақ келесі зымыран тасығышының ұшырылу уақыты белгілі болмақ",-деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бұрын хабарлағынымыздай, № 109 алаңнан ғарышқа "EgyptSat" ғарыш аппаратын, "SaudiSat-3", "SaudiComSat" сериялы бес спутник, "CubeSat" жеті университеттік микроспутникігі бар "P-Pod" үлгідегі үш контейнерді алып ұшуы тиіс "Днепр" наурыздың 27 жұлдызында ұшырылады деп межеленген болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты мерзім сәуірдің 17 шегерілді.

"SaudiSat-3" спутнигі жер бедерін суретке түсіру мен зерттеуге арналған, ол негізінен ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылмақ. Сонымен қатар оны көлік легін бақылау және өзге де азаматтық салаларда қолдануға болады. "SaudiComSat" үлгідегі бес шағын ғарыш аппараттары спутник-саттелиттер тобын құрайды. Олар дыбысты қайта беру, бекітілген қондырғысы бар көліктердің орнын анықтау үшін қолдануға болады. Ал "EgyptSat" спутнигі кешенді зерттеулер жүргізу үшін және жер бетіне мониторинг жасау үшін қажет. Спутниктердің пайдалану мерзімі 5-7 жыл.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті