Байқоңырда негізгі экипаждың ғарышкерлері "Ғарышкер" қонақ үйінің саябағында дәстүрге сай ағаш отырғызды

Алдымен қосалқы экипажының ғарышкерлері Михаил Сураев, Олег Скрипочка мен ғарыш сапарына қатысушы Оңтүстік Корея азаматы Сан Ко қалалық ғарыш айлағы тарихы мұражайын аралап, мұражайдың залдары мен экспозицияларын тамашалады. Соңынан құрметті қонақтар кітабына қол қойды.

Сосын негізгі экипаждың ғарышкерлері ұшу алдында орындау қабылданған ғарышкерлердің ең ежелгі дәстүрлерінің бірі - ағаш отырғызуға қатысты. Дәстүрдің негізін қалаған Жердің алғашқы ғарышкері Юрий Гагарин. Ол отырғызған ағаш "Ғарышкерлер аллеясы" саябағының алдына егілген. Саябақта ғарышкерлер отырғызған 100-ден астам ағаш өседі.

Экипаж мүшелері өмір сүретін әрі жаттығатын "Ғарышкер" әмбебап сынақ-жаттығу кешенінің саябағындағы аллеяда ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Коноенко және 14 экспедиция ғарышкері Оңтүстік Корея азаматы Йи Сойон бәйтеректің екпе ағаштарын отырғызды. Олармен бірге өткен жылы ғарышқа сапар шеккен Олег Котов та ағаш отырғызды. Әрбір ағаштың қасына ғарышкердің аты-жөні жазылған тақта ілінген.

Осы шаралардан кейін ғарышкерлер ұшу алдындағы дайындық жоспарына сәйкес жаттығуларға кірісіп кетті.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.