Байқоңырда өрт салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам ауруханаға түсті

Өрт таңғы сағат 5-те №6 ықшам ауданда орналасқан бір үйдегі пәтерде шыққан. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер пәтерден ес-түссіз жатқан үш адамды тапты. Бір еркек пен 9 жастағы қыз жедел жәрдем көлігі келіп жеткенше көз жұмды. Ал әйел қалалық аурухананың реанимация бөліміне жеткізілді.

Тергеушілердің жорамалына сәйкес, сөндірілмеген темекіден диванның тұтануы салдарынан өрт шыққанға ұқсайды.