Байқоңырда өрт сөндіруші кадеттердің сыныбы ашылды

Байқоңырдағы алғашқы "Өрт сөндірушілер кадеті" сыныбы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің "№ 70 Федералдық өрт сөндіру қызметінің арнайы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Андрей Заровский мен № 4 қалалық орта мектеп оқытушыларының бастамасымен ашылған. Екі жылдық дәріс теориялық сабақ пен көктемгі каникул кезіндегі жаттығуларды қамтиды. Сабақты 2006 жылдан бері Байқоңыр кешенінің нысандарын өрттен қорғауды қамтамасыз ететін № 70 Федералдық өрт сөндіру қызметінің мамандары жүргізетін болады.

"Өрт сөндірушілер кадеті" сыныбында оқыту негізгі жалпы орта (толық) білімнің 3-ші сатысы болып табылады.

Кадеттер екі жыл ішінде "Психологиялық дайындық", "Алғашқы дәрігерлік көмек керсету негізі", "Өрт сөндіру-саптық дайындық", "Нысандар мен елдімекендердегі өрттердің алдын алу", "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару техникасы, байланыс, автоматика", "Өрт сөндіру тактикасы және осыған байланысты алғашқы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу" курстарын оқиды.

Кадеттер оқуларын аяқтағаннан кейін аттестациядан өтеді. Сынып түлектері Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің профильдік жоғарғы оқу орындарына жолдама алатын болады.

"Өрт сөндірушілер кадеті" бірінші сыныбында 30-ға жуық байқоңырлық жасөспірім оқуларын бастады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті