Кеше №31 алаңның жанармай құю станциясында "Прогресс М-01М" жүк кораблінің қозғалтқышына отын компоненттері мен сұйытылған газ құю жұмыстары жүргізілді.
Жанармай құйылған соң "Прогресс М-01М" жүк кораблін №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізеді, онда арнаулы стендте Роскосмос кәсіпорнынының мамандары Халықаралық ғарыш станциясына жіберілетін жүкті толықтырыа тиейді және "Союз-У" зымыран тасаығышымен жалпы құрастыруға дайындай бастайды.
"Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.
"Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.
"Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған.