Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында мамандар дербес сынақтар жүргізуде. Халықаралық ғарыш станциясына су жеткізетін "Родник" жүйесінің сынақтарынан кейін "Прогресс М-366" бактарынан Халықаралық ғарыш станциясының отын бактарына жанармай құятын жүйенің тексеруі өткізілді.
"Прогресс М-366" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына екі жарым тонна жүк жеткізуге тиіс.
"Прогресс М-366" жүк кемесі "Союз-У" зымыран атсығышының көмегімен 2009 жылғы қарашада ұшырылады.