Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары мен химиялық және транспорттық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мамандары, осы бюроның пайдалану және сынақ орталығының мамандары № 31 алаңның жанармай құю станциясыда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ құюға кірісті. "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ құю аяқталғаннан кейін №254 алаңының монтаж-сынақ корпусына қайта әкелініп, ғарыш кемесіне қорытынды сынақ жасалады, содан кейін бас обтекательді сынағы мен "Союз-У" зымыран тасығышпен құрастыру жұмыстары жүзеге асырылады.
"Прогресс М-61" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.
"Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті