Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кемесін ұшыруға дайындалуда

Ақпарат көзінің ақпараттарына сүйенсек, кеше "Прогресс М-62" жаңғырықсыз камераға әкелінген. Бүгін ғарыш кемесінің радиожүйесін тексеру жұмыстары басталды.

"Әріқарай вакуумдық камерада тексеру жүргізіп, технологиялық операциялар циклын орындау керек, осыдан кейін "Прогресс М-62" ғарыш кемесінің қозғалтқышын жанармаймен және сұйытылған газбен толтыру үшін жанармай құю станциясына жөнелтіледі",- деп хабарлайды ақпарат көзі.

Ғарыш жүк кемесін ұшыруға дайындағаннан кейін оған экипаждарға арналған азық-түлік, су, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұру үшін жанармай, шығындалатын жүктер мен ғылыми құрылғылар тиеледі.

"Прогресс М-62" жүк транспорттық кемесін "Союз-У" зымыран тасымалдағышымен түйістіру үстіміздегі жылдың 23-желтоқсанына межеленген ұшырылымға бірнеше күн қалғанда жүргізілетін болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті