Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк көлік кемесіне отын құйылуда

Бүгін жанармай құю станциясында ғарыш айлағының қызметкерлері кеме козғалтқышына отын мен сұйытылған газ құю жұмыстарына кірісті. Отын құю операциясы екі күнге жалғасып, ғарыш кемесі монтаждық-сынақ корпусына жеткізілгеннен соң, ұшырылу жұмыстарының дайындығы одан әрі жалғастырылады.

Бүгінде жұмыстар жоспар бойынша өткізіліп, алдағы аптада "Прогресс" орбитаға жеткізілетін жүк және құрал - жабдықтар орнатылып, қойылу жоспарланған. "Прогресс М-62" ХҒС азық-түлік, жеміс-жидек, су, ғылыми құрал -жабдықтар және халықаралық ғарыш стансасының орбитасын қолдау үшін отын жеткізеді.

Ғарыштық жүк көлігі тиелгеннен кейін, "Прогресс М-62" жүк кемесін "Союз-У" зымыран тасығышымен түйістіру үшін, монтаждық - сынақ корпусының №112 алаңына жөнелтіледі.

"Прогресс М-62" жүк көлік кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышын №1 алаңынан ұшыру 2007 жылдың 23-желтоқсанында Астана уақыты бойынша 13.23 межеленген.