Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Жұмыс жаңа кестеге сай жүргізілуде. 28-қаңтар күні "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының, бас кәсіпорынның және Байқоңыр ғарыш айлағының көлік-химиялық машина құрылысын пайдалануға беру және зерттеуден өткізу орталығының мамандары №31 алаңның жанармай құю станциясында "Прогресс М-63" жүк кемесінің қозғалтқыштарына жанармай және сығымдалған газбен толтыру жұмыстарын аяқтаған.

№112 алаңның монтаждық тексеру корпусында "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылуға дайындалуда. Зымыранды басқару жүйесінің дербес тексерулері өткізілуде.

"Прогресс М-63" жүк кемесін артқан "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылуы 5-ақпан күні Астана уақытымен 19.03-ке белгіленген.

"Прогресс М-63" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдық пен жанармай жеткізуі керек.