"Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) №1 алаңның ұшырылым кешенінің №5 ұшыру қондырғысынан қалыпты режимде ұшырылды.
Ұшырылым циклограммасына сәйкес "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шықты. "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясымен 7 ақпан күні кешке түйіседі деп межеленген.
Бұл биыл Байқоңырдан жүзеге асырылған екінші ұшырылым, ал "Союз-У" зымыран тасығышының бірінші ұшырылымы. 2008 жылы Халықаралық ғарыш станциясына жүк таситын төрт "Прогресс" ұшыру жоспарланған.
"Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Сонымен бірге, "Прогресс" Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде "Союз ТМА-12" кораблінің экипажының құрамында ғарышқа бет алатын Кореялық ғарышкер Ко Санның ғарыштағы сынақ жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.