Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындаудың екінші күнгі кестелік жоспары жүзеге асырылуда

Бүгін "Энергия" зымыран-ғарыштық кешені, "Прогресс" МКҒӨО, Бармин атындағы жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары 3 ақпанда №1 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылған "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Кеше бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмыстар аяқталып, оның барысында жер үсті кешені зымыран-тасығышпен түйістірілді. Ал бүгін екінші күнгі кестеге сәйкес шаралар басталып, олардың барысында зымыран тасығыштың жүйелері тексеріліп, "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындық жинағы өткізіліп, зымыранға жанармай құюға имитация жасалады.

"Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) ұшырылмақ.

Бұл 2008 жылға межеленген Халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орбитаға жіберіледі деп межеленген бес экспедицияның біріншісі. "Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Сонымен бірге, "Прогресс" Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 8 сәуірінде "Союз ТМА-12" кораблінің экипажының құрамында ғарышқа бет алатын Кореялық ғарышкер Ко Санның ғарыштағы сынақ жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.