Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблі "Союз-У" зымыран тасығышымен бірге ұшырылым кешеніне орнатылды

"Союз-У" зымыран тасығышын ұшырылым "үстеліне" шығару жөнідегі шешімді 2 ақпанда топ жетекшілерінің жүк кемесі, зымыран тасығыш пен ұшырылым кешенінің дайындық жұмыстары жөніндегі баяндамаларын бағалаудан кейін пилотты ұшырылымға дайындық жұмыстары жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

3 ақпанда сағат 7-де "Союз-У" зымыран тасығышы №112 алаңның монтаж-сынақ корпусынан темір жолмен ұшырылым кешеніне жеткізіліп, №1 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды.

Зымыранға жылжымалы қызмет көрсету фермалары жеткізілді. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмысқа кірісіп кетті.

Ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығышының жүйелеріне ұшырылым алдындағы тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

"Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) ұшырылмақ.

"Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс. Бұл 2008 жылға межеленген халықаралық ғарыш станциясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша орбитаға жіберәледі деп межеленген бес экспедицияның біріншісі.