Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кораблін "Союз-У" зымыран тасығышымен жалпы құрастыруға дайындалуда

2008 жылғы екінші ұшырылымға дайындық жұмыстары қорытынды сатыға көшті.

Бүгін "Прогресс М-63" траспорттық жүк кораблі №254 алаңның монтаж-сынақ корпусынан №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына, "Союз-У" зымыран тасығышы тұрған жерге тасымалданды.

Кеше жүк кораблінде ақырғы операциялар жүргізілді. Кеше С.П. Королев атындағы "Энергия" Зымыран-ғарыштық кешенінің мамандары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Прогресс М-63" жүк корабліне авторлық тексерулер жүргізді, бұдан кейін бас обтекательді ғарыш кемесіне қосты.

Ұшырылым алдандағы дайындық шеңберіндегі келесі технологиялық қадам - "Прогресс М-63" транспоррттық жүк кораблі мен ғарыштық бас бөліктің құрамында "Союз-У" зымыран тасығышымен құрастыру болмақ, бұл шара ертең, 2 ақпанда жүзеге асырылады.

Құрастыру аяқталған соң 3 ақпанда "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-63" транспорттық жүк кораблі №1 алаңның ұшырылым кешеніне шығарылады, онда ол ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылады, бұдан кейін тікелей ұшырылымға дайындық жұмыстары басталады.

"Союз-У" зымыран тасығышы "Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесімен бірге 5 ақпанда Астана уақытымен 19 сағат 03 минутта (Мәскеу уақытымен 16.03) ұшырылмақ.

"Прогресс М-63" транспорттық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.