Байқоңырдан "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыру NASA өтінішімен ақпанның 7-сінен 5-не ауыстырылғандығына байланысты жүк кораблі мен зымыран тысығышын ұшырылымға дайындау кестесіне өзгертулер енгізілген. Ұшырылым алдындағы қажетті дайындық жұмыстарын екі тәулікке бұрын аяқтау үшін технологиялық операциялар жүргізу кестесі тығыздалған.
Ғарыш айлағының № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусының мамандары "Прогресс М-63" жүк кораблін ұшыруға дайындауда. Кораблде күн батареяларына тексеру жүргізіліп жатыр.
Тексеру жүргізіліп болғаннан кейін "Прогресс М-63" жүк кораблін оның қозғалтқыштарына отын мен тығыздалған газ құюға жіберіледі.
Сонымен қатар № 112 алаңның монтаждау-сынақ корпусында "Прогресс М-63" жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
"Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-63" жүк кемесі ұшырылуы 5-ақпан Астана уақытымен 19.03-ке межеленген.
"Прогресс М-63" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдықтар мен жанармай жеткізеді.