Байқоңырда "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары жүргізілуде

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың мамыр айының ортасында ұшыру межеленген.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самараның "Прогресс ОКБ" мамандары "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандарымен бірлесіп, "Союз-У" зымыран тасығышын құрастыра бастады, оның барысында зымыран тасығыштың екінші және бірінші сатысының блоктары өзара түйістіріледі.

Сонымен бірге, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген "Прогресс М-64" жүк кемесінің жүйелеріне кешенді сынақтар жүргізілуде.

"Кешенді сынақтардан кейін корабль жүйелерді тексеру үшін алдымен жаңғырықсыз камераға, сосын вакуумды камераға орналастырылады",- деп хабарлайды "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.