Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың мамыр айының ортасында ұшыру межеленген.
№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген "Прогресс М-64" жүк кемесінің ұшырылым алындағы дайындықтары басталды.
Осы аптада жүк кемесінің жүйелері тексеріледі.
Жүк таситын "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары да №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында басталды.
"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.