Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі вакуумды камерада тексерілуде

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың 14-мамырында ұшыру межеленген.

Кеше ғарыш айлағының мамандары Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблін жаңғырықсыз камерада сынақтардан өткізді. Онда корабльдің герметикалық жағдайы тексерілді.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.