№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары кесте бойынша 25 шілдеде ғарыш айлағына жеткізілген "Прогресс М-65" жүк кемесінің жүйелерін тексеріп, сынақтан өткізуде.
Сонымен біруақытта №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында Самарадағы "Прогресс" КБ филиалының мамандары жүк кораблін орбитаға шығаруға арналған "Союз-У" зымыран тасығышын дайындай бастады.
"Союз-У" зымыранының блоктары мен сатыларын құрастыру жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.
"Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк кораблін ұшыру 2008 жылдың 10-шы қыркүйегіне межеленген.