Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бүгін 112-алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-58" жүк таситын кораблі түйістіріле бастады. Сенбіде "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін ұшыру кешеніне шығарылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
"Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-58" жүк таситын кораблі 23-қазанда Астана уақытымен 19 сағат 40 минутта ұшырылады.
"Прогресс М-58" жүк таситын кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, су және 14-негізгі экспедициядағы ғарышкерлерге арналған азық-түлік тауарлары, ғылыми жабдықтар мен Ресейдің "Электрон" оттегін регенерациялау жүйесін қайта іске қосуға арналған жабдықтарды жеткізеді.