Байқоңырда "Протон" құлаған аудандағы экологиялық ахуал норма шегінде

Байқоңырда "Протон-М" зымыраны құлаған аудандағы экологиялық ахуал енді елеулі алаңдаушылық туғызып отырған жоқ, деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.


           "Қазір жағдай норма шегінде. Ресейлік мамандармен де сөйлесіп отырмыз, олар да детоксикацияның өткендігін растап отыр. Алдында алаңдаушылық туғызған жағдай реттелді. Әрине, аумақ толығымен залалсыздандырылды деп айту ерте. Әлі де құлаған орынды бақылау керек, қанша уақыт екендігін айта алмаймын, тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отыру керек", деді ол Астанада жұмада республика президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
           Ол еске салып өткендей, Қазақстан президентінің қатысуымен өткен келіссөздерден кейін бірте-бірте ғарышжайда зымырандар үшін отын ретінде гептил қолданылмау туралы шешім қабылданған.
           Әкімнің айтуынша, бұл 2017 жылы болмақ.
           "Глонасс М" үш аппараты бар "Протон-М" зымыраны Байқоңырдың 81-ші алаңшасынан 2-шілде күні ұшырылған болатын. Ұшырылған бойда ол ұшу траекториясынан ауытқып, әуеде ыдырай бастады, ұшқан жерге жақын маңға құлап, жарылды. Оның бортында шамамен 600 тонна гептил, амил және керосин болған.