Байқоңырда «Протон» зымыраны құлаған аумақты зарарсыздандыру жұмыстарының төртінші сатысы аяқталды

Бейсенбі күні кеште Байқоңырда «Протон-М» зымыраны құлаған аумақты зарарсыздандыру жұмыстарының төртінші сатысы аяқталды.


           «Үш күн ішінде ғарыш айлағының мамандары апат болған жерлерге реагенттер жеткізіп, оларды топыраққа төкті.
           Закрарсыздандыру жұмыстарының кезекті сатысының нәтижесі бір жарым аптадан кейін, топырақтан сынама алынғаннан соң белгілі болады», - дейді ғарыш кешеніндегі ақпарат көзі.
           Зарарсыздандырудың алдыңғы үш сатысы шілде-тамыз айларында жүргізілген болатын. Нәтижесінде  белгіленген мөлшерден 8850 есе артып кеткен зиянды отын қалдығы 9,2 есеге дейін төмендетілді.